Барменқұлов Ресейге қарсы ойын жайлы: "Әзірге Черчесов ешқандай қарсыластар сұраған жоқ"
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей ұлттық құрамалары арасында жолдастық матч өткізу мүмкіндігін талқылады. Оның айтуынша, бұл мәселеде соңғы шешімді Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қабылдайды.
“Мен онымен Ресей құрамасымен матч өткізу қажеттілігін әлі талқылаған жоқпын. Бұл оның командасы, және ол оның қажеттіліктерін жақсы түсінуі керек. Әзірге Черчесов ешқандай қарсыластар сұраған жоқ, бізде әлі де Аустрия, Норвегия және Словениямен Ұлттар лигасы матчтары бар. Бұл мәселе, шамасы, келесі жылы жиындарда талқыланатын болады деп ойлаймын”, — деді Барменқұлов.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 14 қарашада өз алаңында Ұлттар лигасы аясында Аустрияға қарсы өткізеді.