Барлығы 30 минут ішінде шешілді: Жирона Барселонамен өткен жылғы нәтижені қайталай алмады
15 қыркүйек күні Испания Ла Лигасының 5-турында өткен жылдағы чемпионаттың басты сенсациясы "Жирона" өз алаңында "Барселонаны" қабылдады. 50-ші минутқа дейін "Барселона" 3:0 есебімен алға шығып, ойынның тағдырын ертерек шешті. Нәтижесінде, матч 1:4 есебімен Флик шәкірттерінің пайдасына аяқталды.
Бес турдан кейін "Барселонаның" көрсеткіші мінсі: 5 жеңіс және 15 ұпай және клуб осының арқасында турнирлік кестенің бірінші орнында тұр.
Екінші каталондық клуб "Жиронада" жағдай жаман емес: 2 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс, 7 ұпай және Ла Лиганың турнирлік кестесінде қазіргі таңда 7-ші орында тұр. Осы жазда болған ауқымды қайта құруды ескерсек, бұл клуб үшін жақсы нәтиже.
Ла Лига. 5-тур
"Жирона" – "Барселона" – 1:4 (0:2)
Голдар: Ямаль, 30 (0:1); Ямаль, 36 (0:2); Ольмо, 47 (0:3); Педри, 64 (0:4); Стуани, 80 (1:4)
Алаңнан қуылды: Ферран Торрес
Командалардың келесі кездесулері УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында өтеді: "Жирона" қонақта ПСЖ-мен кездеседі. Матч 19 қыркүйек күні Астана уақытымен 00:00-де басталады. "Барселона" өз алаңында "Монаконы” қабылдайды. Ойын 20 қыркүйекке жоспарланған, Астана уақытымен 00:00-де басталады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52