locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Бакуде WMF мини-футболынан әлем кубогы басталады: Қазақстан қарсыластары белгілі болды

Футбол 21 мам 2025 05:10
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Бакуде WMF мини-футболынан әлем кубогы басталады: Қазақстан қарсыластары белгілі болды
ФОТО: Kazfootball

Ертең, 22 мамырда, Әзербайжан астанасы Бакуде 6х6 форматы бойынша World Minifootball Federation (WMF) ұйымының қамқорлығымен мини-футболдан Әлем кубогы басталады.

Турнирді Баку ұлттық гимнастика аренасы қабылдайды. Жарысқа барлық құрлықтардан келген 32 ұлттық құрама қатысады.

Мини-футбол халықаралық деңгейде бірден бірнеше ұйым аясында дамып келеді – WMF, International Socca Federation (ISF) және European Minifootball Federation (EMF). Қазақстан командалары осы ұйымдардың турнирлеріне тұрақты түрде қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп жүр.

Бұл жолы Қазақстан WMF World Cup 2025 турнирінде чемпиондық атақ үшін күреседі.

F тобы:

Қазақстан

Польша

Босния және Герцеговина

АҚШ

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

22 мамыр: Қазақстан – Польша

24 мамыр: Босния және Герцеговина – Қазақстан

24 мамыр: Қазақстан – АҚШ

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік екі команда 1/8 финалға жолдама алады (27–28 мамыр). Ширек финалдар 29 мамырда, жартылай финалдар 30 мамырда өтеді. Ал финал және үшінші орын үшін матч 1 маусымда өтеді. Қазақстан құрамасының барлық матчтары Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұған дейін Салахтың маусымда сырт алаңда 11 нәтижелі пас бергені белгілі болған еді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie