locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бахтиёр Зайнутдинов алаңға шыққаннан кейін Бешікташ жеңісті уысынан шығарып алды

IG Бахтиер
Бахтиёр Зайнутдинов алаңға шыққаннан кейін Бешікташ жеңісті уысынан шығарып алды

Стамбұлдық “Бешікташ” бүгін Суперлига турнирлік кестесінде төртінші орыннан екінші орынға көтерілу мүмкіндігіне ие болды. Алайда, команда жеңісті сақтап қала алмады. Елдің 16 дүркін чемпионы сегізінші турда ұщып кету аймағында тұрған “Газиантепке” қосымша уақытта есепті теңестіруге мүмкіндік беріп, жеңістен айырылып қалды.

31-минутта Чиро Иммобиле пенальтиді сәтті орындап, “Бешікташты” 1:0 есебімен алға шығарды.

Дегенмен, алаң иелері 90+5-минутта таразы басын теңестірді. Максим допты қақпаға дөп бағыттап , 1:1 есебін орнатты.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдинов алаңға 86-минутта, “Бешікташ” әлі 1:0 есебімен алда тұрған кезде шықты. Алайда, жеңісті сақтап қалу мүмкін болмады. Алдыңғы турда Тараз клубының түлегі 90-минутта 3:0 есебімен жеңіп жатқанда алаңға шыққан болатын.

Бұл тең ойын нәтижесінде “Бешікташ” ұпайын 17-ге жеткізсе, “Газиантеп” 5 ұпайға ие болды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie