locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бахтиер Зайнутдинов Киевтік және Мәскеулік "Динамоның" қызығушылығын тудырды

Футбол 17 там 2024 12:25
Сергей Турчак
Сергей Турчак
sports24 сарапшы
Бахтиер Зайнутдинов Киевтік және Мәскеулік "Динамоның" қызығушылығын тудырды

Қазақстан құрамасының және Түркиялық "Бешікташтың" ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновқа Украина және Ресей футболының алпауыт клубтары қызығып жатыр. 26 жасар футболшы өзінің универсалдығымен танымал.

"Динамо" (Киев") пен "Динамо" (Мәскеудің) «Бешікташ» ойыншысына қызығып жатқанын атақты түркия журналисі Серхат Кантоглу өзінің X (Твиттер) парақшасында хабарлады. Инсайдердің хабарлауынша, клубтар келіссөздер жүргізіп жатыр.

"Динамо" Киев және "Динамо" Мәскеу Бахтиер Зайнутдинов бойынша "Бешікташпен" келіссөздер жүргізіп жатыр, Бахтияр әлі шешім қабылдамады - дейді Серхат Кантоглу.

Осыдан алдын БАҚ өкілінде Бахтиер Зайнутдинов мәскеулік "Динамоның" ұсынысынан бас тартты деген ақпарат тарады. Футболшы Түркияда қалып, "Бешікташтың" негізгі құрамына ілінгісі келеді.

"Динамо" Киев Зайнутдиновқа қызығып жатыр деген ақпарат жалған болуы мүмкін. Себебі, Зайнутдинов 2019 жылдан 2023 жылға дейін РПЛ-да, яғни ЦСКА сапында өнер көрсетті. Қазіргі жағдайға қарап, бұл ауысым мүмкін емес деп айтуға болады.

Зайнутдинов ЦСКА-дан "Бешікташқа" 2023 жылдың тамыз айында ауысты. Траснфер құны 4,5 миллон еуро болды. Бахтиердің "Бешікташпен" келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt Зайнутдиновтың құнын 5 миллион еуроға бағалайды.