“Бачка Топола” командасының бас бапкері: "Жеңіліске қарамастан, біз алаңда барынша тырыстық"
Сербиялық “Бачка Топола” командасының бас бапкері Йован Дамьянович Конференция Лигасының алғашқы турында “Астанадан” жеңілгеннен кейін өз пікірін білдірді.
“Жеңіліске қарамастан, біз алаңда барынша тырыстық және өз жігіттерімізбен ойнадық. Гол соғуға көп мүмкіндік болды. Нәтиже өздеріңіз көргендей болды. Белгілі бір деңгейдегі ойынды көрсеттік. Бізде көптеген соққылар болды, бірақ бұл жағдайды өзгерткен жоқ. Жігіттеріммен мақтанамын. Келесі матчта жақсырақ ойнауға тырысамыз”, - деп жеткізеді Дамьяновичтің сөзін metaratings.kz.
Еске сала кетейік, “Астана” Конференциялар Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында сербиялық “ТСЦ Бачка-Топола” командасын 1:0 есебімен жеңген болатын.
“Астана” келесі ойынын 25 қазанда валлийлік “Нью-Сейнтс” командасына қарсы сырт алаңда өткізеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52