locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бабаян ойын жайлы:Камара 2-3 гол соға алар еді. Өкінішке орай, өз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық

ФОТО:  ФК Астана
Бабаян ойын жайлы:Камара 2-3 гол соға алар еді. Өкінішке орай, өз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық

“Астананың” бас бапкері Григорий Бабаян Конференциялар Лигасының бірінші турында сербиялық “ТСЦ Бачка-Топола” командасына қарсы ойын жайлы “Qazsport” телеарнасына сұхбат берді.

“Біз өте қиын матч болатынын білдік - ең алдымен физикалық тұрғыдан, өйткені бұл біздің қатарынан алтыншы ойынымыз. Әрине, өте қиын болды. Иә, алғашқы жиырма минутта жақсы ойнадық, гол соқтық, бірақ содан кейін, шамамен алпыс минуттай, қарсылас басымдыққа ие болды. Оларда да, бізде де мүмкіндіктер болды. Мәселен, Камара екі-үш гол соға алар еді… Өкінішке орай, өз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық. Бірақ біздің жағдайымызда ең бастысы - жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуанту,” — деді бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, “Астана” Конференциялар Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында сербиялық “ТСЦ Бачка-Топола” командасын 1:0 есебімен жеңді.

Григорий Бабаянның командасы келесі ойынын 25 қазанда валлийлік “Нью-Сейнтс” командасына қарсы сырт алаңда өткізеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie