Бабаян: "Біз мүмкіндіктер бойынша жақсырақ ойнадық және жеңіс әділ болды деп ойлаймын"
"Астана" клубының бас бапкері Григорий Бабаян "Қайратты" (1:0) жеңгеннен кейін өз пікірін білдірді. Бапкер оның командасы жақсырақ ойнағандықтан, жеңіс әділ нәтиже деп санайды.
"Әрине, бізге эмоционалды тұрғыдан өте қиын болды, себебі үш күн бұрын ғана ойын өткіздік және ол ойынға көп күш жұмсадық. Бірақ , біз бұл матчтың ауыр болатынын түсіндік. Ойында қозғалыс жеткіліксіз болды, бірақ біз үшін бұл матчты жеңу өте маңызды, өйткені кеше барлық көшбасшылар ұпай жоғалтты, ал біз чемпоинат үшін соңғы сәтке дейін күресетін боламыз. Командаға тағы да құрметімді білдіремін, өйткені олар тағы да фантастикалық жұмыс жасады. Менің ойымша, біз мүмкіндіктер бойынша жақсырақ ойнадық және, мүмкін, жеңіс әділ болды.
Біз ойыншылардың жағдайы мен физикалық дайындықтарына қарай шешім қабылдадық. Бұл шешуші, маңызды матч болғандықтан, біз осының алдында ойын уақытына ие жігіттерді шығардық. Вороговскийдің аздаған жайсыздығы болды, бірақ алда ұлттық құрама ойындары тұр , сондықтан біз оның денсаулығын тәуекелге салғымыз келмеді.
Біздің командада жеті құрама ойыншысы және қосымша Беларусь және Литва ойыншылары бар. Тоғыз футболшысыз жұмыс істейміз. Бірақ ештеңе етпейді, ең бастысы - бүгін жеңіске жеттік, осы ойыннан қуат алдық. Енді бірнеше күн демала аламыз", - деді Бабаян.
Айта кетейік, жақында клуб Конференция лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластарын білді. Келесі матчты "Астана" "Қызылжарға" қарсы өткізеді. Ойын 15 қыркүйекте сағат 19:00-де басталады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52