Бабаян Астана АПОЭЛ-ға қарсы ойынға не нәрсеге дайын екенін айтты
"Астана" бас бапкері Григорий Бабаян конференция лигасының топтық кезеңінің алтыншы тур ойыны аясында 20 желтоқсанға қараған түні өтетін кипрлік АПОЭЛ-ға қарсы ойыннан күтетінімен бөлісті.
"Жеребе рәсімінің нәтижесі бойынша, АПОЭЛ-мен жетінші рет ойнаймыз. Біз АПОЭЛ-дың күшін, жанкүйерлер шығаратын атмосфераны білеміз. Соңғы үш матчта АПОЭЛ жеңіп жүрді. Мен олардың көп ойынын көрдім және чемпионаттың ойындарында болдым. Ең таңқалдыратыны, бұл команданың тәжірибесі.
Ертең біз бұл командаға кеңістік пен мүмкіндік беріп қойсақ, бізде проблема пайда болады. Оларда бос кеңістік болған кезде, өздерін жақсы сезінеді. Біз оларға қысым жасауымыз керек.
Біздің чемпионат 45 күн бұрын аяқталды, бірақ бұл ойын біз үшін маңызды. Біз маусымды жақсы аяқтау үшін барымызды саламыз", - деді Бабаян ойын алдындағы баспасөз маслихатында.
Естеріңізге сала кетсек, АПОЭЛ - "Астана" ойынының бастапқы ысқырығы қазақстан уақыты бойынша 01:00-де шалынады.
Осыдан алдын АПОЭЛ - "Астана" ойынының төрешілері белгілі болды.
Футзал
Бүгін 14:18
Футбол
Бүгін 13:54
Футбол
Бүгін 11:33