Ақжайық клубы жақын арада жабылуы мүмкін
“Жеңіс” клубының бас директоры Айдын Қожахмет “Ақжайық” клубының халі мүшкіл екенін мәлімдеді.
Бұл туралы ол өзінің telegram-дағы парақшасында жазды. Автордың сөзінше, клуб қаражат көзін тездетіп таппаса, онда жуық арада жабылуы мүмкін.
“Ақжайық” футбол клубының жанкүйерлері үшін жағымсыз жаңалық. Егер клуб басқа қаржыландыру көзін таппаса, онда чемпионаттан шығарылып, жабылуы мүмкін. Себебі жергілікті биліктен қолдау көрсетілмейді. Бұл Оралда футбол болмайды деген сөз емес. БҚО әкімдігі алдағы жылы “Батыс” деп аталатын басқа заңды тұлғаны қаржыландыруды көздеп отыр. Бұл клуб келесі жылы жорығын Екінші лигадан бастайды деп күтілуде”, - деді Қожахмет.
Бірінші лиганың қатысушылары биылға маусымды турнирлік кестеде 11 орында аяқтады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52