locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстанның U-17 қыздар құрамасы Еуро-2025 іріктеуінде Солтүстік Ирландиямен тең түсті

Футбол 21 нау 2025 01:19
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қазақстанның U-17 қыздар құрамасы Еуро-2025 іріктеуінде Солтүстік Ирландиямен тең түсті
ФОТО: КФФ

Қазақстанның U17 қыздар құрамасы Солтүстік Ирландия құрамасымен тең ойнады (2:2). Бұл кездесу 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің екінші турында өтті.

Ойынның алғашқы минуттарында алаң иелері басымдық танытып, 25-минутқа дейін екі гол соқты. Алайда қазақстандық футболшы қыздар жігер танытып, есепті теңестірді. Бірінші таймға қосылған қосымша уақытта Ару Ермағамбетова қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп айырмасын қысқартты. Ал 71-минутта Әсел Жолболат пенальтиден гол соғып, матчқа нүкте қойды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия Еуро-2025 іріктеу турнирінде Эстония және Черногория құрамаларымен бір топта бақ сынауда. Бұған дейін қазақстандықтар алғашқы матчында Эстониямен де 2:2 есебімен тең ойнаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз: Қазақстан құрамасындағы жанжал: Тағыберген Адиевке қатысты жағымсыз оқиғаны айтты

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie