Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы қарсыласы қосымша уақыттағы голдың арқасында В дивизионында қалды
Футбол
23 нау 2025 15:32

Нұрбақыт Қадырбаев

ФОТО: Getty Images
23 наурызда Словения мен Словакия құрамалары арасында УЕФА Ұлттар лигасының В дивизионында орын үшін плей-офф ойыны өтті.
Балқандық командалар арасындағы текетірес голсыз тең аяқталды. Ал қосымша уақытта есеп тез ашылды. 95-минутта словениялық жартылай қорғаушы Адам Гнезда өз командасының жеңіс голын соғып, құраманың В лигасында қалуына көмектесті.
Словения Ұлттар лигасының В дивизионының 3 тобын Қазақстан құрамасын басып озып, үшінші орынмен аяқтады. Бетпе-бет кездесулерде словендер қазақстандықтарды екі рет жалпы 4:0 есебімен ұтқан болатын.
Ұлттар лигасы. Плей-офф матчы. 23 наурыз
Словения - Словакия - 1:0 [алғашқы ойын 0:0]
Гол: Гнезда, 95.
Танымал жаңалықтар

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек