locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстанның футбол клубтарына шетелдік ойыншыларды қаржыландыруға тыйым салатын хаттар түсе бастады

Қазақстанның футбол клубтарына шетелдік ойыншыларды қаржыландыруға тыйым салатын хаттар түсе бастады
ФОТО: transfermarkt

Қазақстан клубтары спорт басқармаларынан жаңа маусымнан бастап республикалық және жергілікті бюджет қаражатын шетелдік ойыншыларға жұмсауға тыйым салынғаны туралы бірнеше хаттар алды, деп хабарлайды Тотальный футбол KZ телеграм арнасы.

Өткен маусымда қазақстандық клубтар Премьер-лигада командаларды алаңға бірде-бір қазақстандық ойыншысыз шығаруға мүмкіндік алды. Лимиттің жойылуын ҚФФ 2024 жылдың басында қабылдады.

Қазан айында “Дене шынықтыру және спорт туралы” заңға сәйкес легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынғаны туралы ақпарат ресми түрде жарияланған болатын. Келесі жылдан бастап заң күшіне еніп, үнемделген қаржы жергілікті спортшылардың дамуына бағытталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie