locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстанның Бірінші лигасы. «СД Фэмили» «Қайрат 2-ні» тізе бүктірді. Матч соңында Омарбектің дубльі «Алтайды» аман алып қалды

Футбол 10 сәу 2025 09:31
Айдана Смагулова
Айдана Смагулова
Қазақстанның Бірінші лигасы. «СД Фэмили» «Қайрат 2-ні» тізе бүктірді. Матч соңында Омарбектің дубльі «Алтайды» аман алып қалды
ФОТО: ФК Жетысай

10 сәуірде Қазақстанның Бірінші лигасының бірінші турының соңғы ойындары өтті.

Үш кездесу 9 сәуірде өтіп, қарағандылық «Шахтер» «Түркістан» командасын 2:1, ақтаулық «Каспий» «Акасты» 3:1, ал «Ертіс» «Екібастұзды» 4:0 есебімен ойсырата ұтып, доп айырмашылығының арқасында топта көш бастады.

Тараз – Жетісай кездесуі 2:1 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Бұл матчтағы голдарды «Тараз» командасынан Әлішер Сүлей, «Жетісай» сапында Бекнұр Рысқұл мен Орал Орынбасар соқты.

«Оңтүстік» пен «Алтай» кездесуінде Әділет Омарбек кездесудің соңғы минуттарында дубль жасап екі голы шешуші рөл атқарып, командасының 2:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.

«СД Фэмили» Баймолда, Абдулаев және Әл-Хадждың дәл соққыларының арқасында алматылықтардың қақпасына үш гол соғып, «Қайрат 2» командасын сенімді жеңіске жетті.

«Хан Тәңірі» де өз алаңында «Ақтөбе» командасын 2:0 есебімен ұтты. Әр таймда гол соққан Ғабиден мен Рахымжанов кездесудің қаһармандары атанды.

Қазақстан бірінші лигасы. 1-тур. 10 сәуір

«Тараз» – «Жетісай» – 1:2

Голдар: Сүлей 39 - Орынбасар 79, Рысқұл 86

«Оңтүстік» – «Алтай» – 0:2

Голдар: Омарбек 80, 90+1

«СД Фэмили» - «Қайрат» Алматы 2 - 3:0

Голдар: Баймолда 36, Абдулаев 62, Әл-Хадж 80

«Хан тәңірі» – «Ақтөбе» – 2:0

Голдар: Ғабиден 61, Рахымжанов 68

Бірінші турдан кейінгі Қазақстанның Бірінші лигасының кестесі.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie