Қазақстандықтар каноэде есуден 2024 жылғы әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
Қазақстандық ескекшілер Сергей мен Тимофей Емельяновтар, Руфина Искакова мен Мария Бровкова Өзбекстан астанасы Ташкентте аяқталған каноэде есуден 2024 жылғы әлем чемпионатында 500 метрге аралас төрттіктер жарысында төртінші орын алды.
Үшінші орын алған испандықтар Валерия Оливейра, Виктория Янчевская, Мануэль Фонтана және Адриан Сиейродан қазақстандықтар 0.3 секундқа қалып қойды.
Руфина Искакова 5000 метрлік каноэ жарысына да қатысты, бірақ аяқтай алмады. Сол қашықтықта ерлер арасында Полат Төребеков сегізінші болып аяқтады. Ал Татьяна Токарницкая 5000 метрге жалғыз байдаркада жүзуден тоғызыншы болып келді. Ерлер арасында Денис Кленин дәл осы қашықтықта 12-ші болды.
200 метрлік әйелдер арасындағы каноэ жарысында Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева сегізінші орынға ие болды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20