locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстандық төреші Ювентус пен Бавария матчында жұмыс істейтін болады

КФФ. Наргис Магау
Қазақстандық төреші Ювентус пен Бавария матчында жұмыс істейтін болады

Қазақстандық төреші Наргис Магау бүгін, 16 қазанда өтетін италиялық "Ювентус" пен немістің "Бавариясы" арасындағы әйелдер Чемпиондар лигасының матчына тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, Магау бұл кездесуде Солтүстік Македониядан келген төреші Иванна Пройковскаяның көмекшісі болады. Бұл бригаданың екінші көмекшісі украиналық төреші Светлана Грушко болады, ал төртінші төреші – болгариялық Христиана Гутева.

Айта кетейік, Наргиз Магау сегіз жыл ішінде Чемпиондар лигасының матчына тағайындалған алғашқы қазақстандық төреші болды. Соңғы рет осы деңгейде 2016 жылы Эльвира Нурмустафина жұмыс істеді, ол 1/32 финалдық кездесуде қызмет етті.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie