Қазақстандық таеквондошылар жаңа турнир алдында дайындықтарын аяқтады
Футбол
31 нау 2025 07:51

Наурызбай Қанатұлы

Фото: olimpic.kz
Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын аяқтады.
Жиынға шамамен 50 спортшы қатысып, өз дағдыларын жетілдіру үшін қарқынды жұмыс істеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл жиын спортшыларды WT President’s Cup Asia халықаралық турниріне дайындау мақсатында ұйымдастырылды.
Енді сәуір айында спортшылар Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен Қытайдың Тайань қаласында өтетін WT President’s Cup Asia турниріне қатысады. Турнир 23 сәуірде басталады.
29-30 наурыз күндері Иорданияда еркін күрестен Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық балуандар бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 06:03

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек