locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық таэквондошы қола медаль үшін өткен кездесуде жеңіліп қалды

Қазақстандық таэквондошы қола медаль үшін өткен кездесуде жеңіліп қалды

Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы жазғы Паралимпиадада қазақстандық таэквондошы Нұрлан Домбаев 80 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін күресті. Оның қарсыласы Оңтүстік Корея өкілі Джо Джон Хун болды.

Жекпе-жек сақтықпен басталды, екі спортшы да бір-бірден ескерту ұпайын алды. Алайда екінші минутта Хун Домбаевтың қорғанысындағы осал жерін тауып, 10 секунд ішінде екі дәл соққы жасады.

Бір жарым минут өткен соң корейлік спортшы тағы екі ұпай жинап, есепті 7:1 етіп аяқтады. Бұл жеңіс Хунға қола медаль әкелді, ал Домбаев Паралимпиаданы жүлдесіз аяқтады.