Қазақстандық Олжас Абраев ЧЛ-ның Ювентус-Штутгарт кездесуіне делегат болып тағайындалды
Қазақстандық Олжас Абраев УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің үшінші турындағы “Ювентус” (Италия) пен “Штутгарт” (Германия) арасындағы матчтың делегаты болып тағайындалды. Ойынды норвегиялық төреші Эспен Эскас басқарады.
“Ювентус” — “Штутгарт” кездесуі 23 қазанда Қазақстан уақытымен 00:00-де Туриндегі “Альянц Стэдиум” стадионында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Олжас Абраев – Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті болып 2024 жылға дейін жұмыс жасады. 2013 жылдан бері УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан бастап ФИФА матч комиссары болып табылады. Әр жылдары УЕФА-ның әртүрлі комитеттеріне, атап айтқанда футзал және жағажай футболы комитеті мен маркетинг жөніндегі консультативтік комитетке мүше болған. Қазіргі уақытта ол УЕФА-ның ойыншылар мәртебесі, трансферлер, агенттер және матч-агенттер жөніндегі комитетінің құрамына кіреді.
Бұған дейін хакерлер “Ювентустың” аккаунттарын бұзып, жалған ақпараттар жариялаған болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52