locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық ойыншы Зайнутдинов енді Бешикташқа қажет емес

ФОТО:  Getty images

Ensonhaber.com спорт порталының хабарлауынша, Бахтиёр Зайнутдинов бұдан былай стамбұлдық “Бешикташтың” жоспарына кірмейді.

Клуб 2025 жылдың басында Жан Онанды, Алекс Окслейд-Чемберленді және Бахтиёр Зайнутдиновты сатуды жоспарлап отыр.

Бір қызығы, Бахтиер биылғы маусымда клуб үшін бірде-бір матчта алаңға шықпады. Бас бапкер Джованни ван Бронкхорст әзірге оны команда ойыншысы ретінде көрмейді.

Естеріңізге сала кетейік, ‘Бешикташ’ Зайнутдиновты 2023 жылдың тамыз айында мәскеулік ЦСКА командасынан 4,5 миллион еуроға сатып алған болатын. Ойыншының клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.