Қазақстандық миллиардердің клубы қатарынан жетінші жеңісіне қол жеткізді
“Уиком Уондерерс” сырт алаңда Англияның үшінші дивизионы саналатын Лига 1-дің 15-ші туры аясында “Уиган Атлетикті” минималды 1:0 есебімен жеңді. Кездесудің алғашқы минуттарында Джо Лоу “Уиган” қақпасына дәлдік танытып, матчтың жалғыз голын соқты. Бұл жеңіс “Уиком Уондерерс” үшін барлық турнирлерді қоса алғанда, қатарынан жетінші жеңісі болып тіркелді.
Лига 1. 15-тур
“Уиган” - “Уиком Уондерерс” - 0:1 (0:1)
Гол: Лоу, 11 (0:1)
“Уиком Уондерерс” 14 матчтан кейін 32 ұпаймен Лига 1 турнир кестесінің көшін бастап тұр. Ал “Уиган” 14 ұпаймен 24 команданың ішінде 19-орынға тұрақтады.
Айта кетсек, “Уиком Уондерерстің” иелерінің бірі - қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе. Биылғы жылдың мамыр айында ол клубтың бақылау акциясын сатып алғаны белгілі болды. Клубтың мәлімдемесіне сәйкес, Ломтадзеге тиесілі компания “Уиком Уондерерстің” 90% акциясын иеленгені белгілі болды.
Павел Евтеев - Қайраттың ҚПЛ-дегі жеңісі туралы: “Алматылықтар маусымның соңын тұрақты өткізді”.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52