Қазақстандық маман Панатинаикос – ХИК арасындағы матчта делегат қызметін атқарады
Қазақстандық футбол функционері Олжас Абраев Конференциялар лигасының төртінші турындағы “Панатинаикос” пен ХИК арасындағы матчта делегат ретінде жұмыс істейді. Ойын бүгін, 28 қараша күні, Афина қаласында өтеді. Матч Астана уақыты бойынша сағат 22:45-те басталады.
Матчтың бас төрешісі ретінде литвалық Донатас Румсас тағайындалды.
Үш турдан кейін “Панатинаикос” бір ғана ұпай жинаса, финляндиялық клубтың еншісінде үш ұпай бар.
Олжас Әбраев 2024 жылға дейін Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті қызметін атқарды. 2013 жылдан бері УЕФА делегаты, ал 2016 жылдан бері ФИФА комиссары ретінде жұмыс істеп келеді. Мансап жолында Абраев футзал және жағажай футболы бойынша УЕФА комитеттеріне, сондай-ақ маркетинг жөніндегі консультативтік комитетке кірді. Қазіргі уақытта ол УЕФА-ның ойыншылардың мәртебесі, трансферлер, агенттер және матч агенттері мәселелерімен айналысатын комитетінің құрамында.
Бұған дейін Олжас Абраеы “Ювентус” пен “Штутгарт” матчтарының делегаты болған.
Мақалалар
Бүгін 03:37
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34