Қазақстандық маман Есбол Сұлтанов қазақ спортындағы шетелдік ойыншылардың іріктелуін сынға алды
2024 жылғы Олимпиада да шәкірттері керемет нәтижелерге қол жеткізген Тунис таэквондо құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов Orda KZ сайтына берген сұхбатында қазақ спортындағы шетелдік ойыншылар жайлы мәлімдеме жасады:
Легионерге келетін болсақ, қысқа уақытта жетістік пен нәтиже керек десеңіз, легионер алған да жөн шығар. Алайда, «керек екен» деп алыстан көзді жұмып, алдырта салуға болмайды. Шетелден легионер мен жақсы жаттықтырушы керек пе? Бар, көр, бақыла, оның жеңісі мен жетістігіне, бапкер ретінде жұмысына анализ жаса. Сонда ғана қандай да бір нәтиже болады. Ал жалпы былай бізде өз жасында, 12-13 жасында әлем чемпионы болып жатқан балалар бар. Оларды жаттықтыру үлкен еңбекті талап етеді, бірақ ары қарай дамытса, келешекте осы балалардан болашақ Олимпиада чемпиондары шығатынына мен сенемін. Не дегенімен Олимпиада тұғырында легионерден гөрі өзіңнің қазағың тұрғаны әлдеқайда жақсы сезім.
Есбол Сұлтанов 2023 жылдан бері Тунис ұлттық құрамасында таэквондодан бас бапкер қызметін атқарып келеді. Олимпиада ойындарында қазақстандық маманның жетекшілігімен Тунис алтын және қола медальді жеңіп алды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52