locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстандық клубтың экс-басшысы 27 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін қамауға алынды

Қазақстандық клубтың экс-басшысы 27 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін қамауға алынды
ФОТО: Instagram

Маңғыстау облысында прокуратура "Каспий" футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 миллион теңгеден астам қаражаттың жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды "Чиновник" Telegram арнасы.

"Бұл іс бойынша тергеу барысында облыстың антикоррупциялық қызметі мен ДКНБ бұрынғы клуб басшысының таныстарын тарта отырып, клуб қызметкерін күш қолдану арқылы айғақтарын өзгертуге мәжбүрлегенін анықтады. Сонымен қатар, олар қызметкерден 15 миллион теңге талап еткен. Футбол клубының экс-басшысы мен оның сыбайластары қамауға алынды", — деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, "Каспий" футбол клубы өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасынан шығып қалған болатын. Ал биылғы маусымда Маңғыстау командасы Бірінші лигада 58 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie