Қазақстандық клубтар чемпионатқа қатысу үшін қанша ақша төлейді
Футбол
04 қара 2024 06:44
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Астана ФК
Танымал телеграм арна Қазақстандағы ҚФФ клубтарының төлейтін жарналарының мөлшері туралы ақпарат жариялады.
“ҚФФ-тің ресми кірістерінің біріне назар аударайық: Чемпионатқа қатысу жарналары: Премьер-лига клубтары үшін – 55 млн теңге (14 клуб = 770 млн), Бірінші лига үшін – 25 млн (16 клуб = 400 млн) және Екінші лига үшін – 15 млн теңге (22 клуб = 330 млн). Яғни, командалардың жарналары шамамен бір жарым миллиард теңгені құрайды”, - делінген “Тотальный футбол” телеграм арнасында.
Еске сала кетейік, ҚПЛ-дегі чемпиондық бәсеке қазір қыза түсті. “Астана” 43 ұпаймен турнирлік кестеде 2-орында тұр, ал 44 ұпай жинаған “Қайрат” көш бастап келеді.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52