Қазақстандық клубқа техникалық жеңіліс берілді
2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Бақылау-тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті
Бірінші лига. 29-тур
"Арыс" - “Жетісай”
"ҚФФ ДР 48-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Арыс" – "Жетісай" командалары арасындағы 2024 жылғы маусымның бірінші лигасы клубтары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасы Біріншілігінің 29-турында команданың 5 (бес) ойыншысының ескертуінде көрсетілген команданың тәртіпсіз әрекеті үшін "Жетісай" футбол клубына, ДР №1 қосымшасына сәйкес 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын, бұл 184 600 (бір жүз сексен төрт мың алты жүз) теңгені құрайды. "Жетісай" ФК 2024 жылдың 24 қарашасына дейін айыппұл төлеуі керек"
Бірінші лига. 30-тур
"Екібастұз" – "Ақжайық"
"6.34 – тармағын бұзғаны үшін. "Екібастұз" – "Ақжайық" командалары арасындағы 2024 жылғы маусымның бірінші лигасы клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің 30-турының матчына "Ақжайық" командасының келмеуінде көрсетілген 2024 жылғы маусымдағы бірінші лига клубтары арасында ҚР футболдан біріншілік регламентінің 25-бабының 1-тармағына сәйкес ҚФФ командаға жеңіліс беру "Ақжайық" жоғарыда көрсетілген матчта 0:3 есебімен жеңілді".
ММА
Бүгін 14:44