locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық футболшы Максим Самородов Ахмат сапындағы алғашқы голын соқты

ФОТО:  АХМАТ ФК

Ресей Кубогы аясында өткен “Ахмат” пен “Пари НН” кездесуінде орталық шабуылшы ретінде негізгі құрамда шыққан қазақстандық футболшы Максим Самородов ойынның тоғызыншы минутында “Ахмат” сапындағы алғашқы голын соқты. Нәтижелі пасты қазақстандық ойыншыға албаниялық жартылай қорғаушы Амин Талал берді.

Максим Самородов “Ахматқа” тамыз айының “Ақтөбе” клубынан ауысып келді. Шешен клубы қазақстандық ойыншы үшін миллион еуро төледі, бұл ҚПЛ тарихындағы ең ірі трансферлердің бірі болып саналады.

2020 жылдан бастап Самородов өзінің туған клубы “Ақтөбеде” өнер көрсетті. Араға 4 жыл салып, ойыншы шетелдік “Ахмат” клубында ойнауға мүмкіндік алды.