Қазақстандық футболшы Лев Скворцовтың клубы 4 миллион рубль қарызға батты
Футбол
Бүгін 06:40
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Химки ФК
“Химки” футбол клубына 4 миллион рубль қарызы үшін сотқа шағым түсірілді. Қарыз құрамына сүзбелі бәліш, йогурттар, сүзбе тағамдары, қайнатпалар және пюре қосылған котлеттер кіреді.
Mash мәліметінше, ресейлік клуб бір жыл бойы ойыншыларға таңғы және түскі асқа арналған тағамдарды төлемей келген.
2019 жылдан бері “Химки” клубымен жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкер Александр Рожков бұрын келісімшартқа сәйкес өнімдерді уақытында жеткізіп, ақшасын уақытылы алып отырған. Алайда 2023 жылдың соңынан бастап жағдай өзгеріп, клуб төлемдерді тоқтатқан.
Айта кетейік, қазақстандық футболшы Лев Скворцов “Химки” клубымен келісімшартқа отырғанымен, қазір ФНЛ-дағы “Шинник” командасында жалға ойнап жүр.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 09:30
Бокс
Бүгін 08:04
Футбол
Бүгін 07:41