locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстандық футболшы Ислам Юнусов азаматтығын ауыстырып, Қырғызстан құрамасының ойыншысы атанды

Қазақстандық футболшы Ислам Юнусов азаматтығын ауыстырып, Қырғызстан құрамасының ойыншысы атанды
Қазақстандық футболшы Ислам Юнусов азаматтығын ауыстырып, Қырғызстан құрамасының ойыншысы атанды

Қазақстандық жартылай қорғаушы, Бішкектің “Дордой” футбол клубының ойыншысы Ислам Юнусов Қырғызстан азаматтығын алды.

Бішкек клубының баспасөз қызметі өздерінің Telegram-арнасында Ислам Юнусовтың Қырғызстан азаматтығын қайта қалпына келтіргенін хабарлады.

24 жастағы футболшы 2022 жылы “Дордой” сапына қосылып, Қазақстандық жартылай қорғаушы ретінде тіркелген болатын. Клубтың ресми сайтында оның азаматтығы ретінде Қазақстан көрсетілген еді.

Айта кетейік, осы жылдың басында Юнусов “Дордоймен” келісімшартын бір маусымға ұзартты. Ол команда сапында 38 матч өткізіп, үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Өзінің кәсіби мансабын футболшы Қазақстанда, “Рузаевка” клубында бастаған, сондай-ақ Бірінші лигада “Екібастұз” және “Мақтаарал” командаларында ойнаған.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie