locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстандық қақпашы Покатилов «Сабахтың» «Зирямен» тең ойнауына үлес қосты

Футбол 17 мам 2025 13:11
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстандық қақпашы Покатилов «Сабахтың» «Зирямен» тең ойнауына үлес қосты
ФОТО: САБАХ ФК

Бакудің «Сабах» клубы Әзербайжан Премьер-лигасында жоғары орындар үшін күресті жалғастыруда. 35-тур аясында команда сырт алаңда «Зирямен» кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Есепті 26-минутта алаң иелері ашты - гол авторы Папунашвили. Екінші таймда қонақтар есепті теңестірді: 68-минутта шабуылшы Павол Шафранко мергендік танытты.

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов бұл ойында да негізгі құрамда алаңға шығып, толық матч өткізді. Ол бір маңызды сейв жасап, командасын қиын сәттен құтқарып қалды. 2024/25 жылғы маусымда Покатилов 17 ойын өткізіп, үшеуінде қақпасын «құрғақ» сақтады.

35 тур қорытындысы бойынша «Сабах» 45 ұпаймен турнир кестесінің 5-орнында тұр.

Әзербайжан Премьер-лигасы. 35-тур

«Зиря» — «Сабах» — 1:1

Голдар: Папунашвили, 26 — Шафранко, 68.

Келесі матч «Сабах» 23 мамыр күні «Нефтчи» клубына қарсы өткізеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie