Қазақстанда жаңа футбол клубы - «Жайық» құрылды


Қазақстан футболында жаңа бет ашылды - еліміздің Екінші лигасында жаңа «Жайық» клубы өз сапарын бастайды.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы жанындағы кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр мәлімдеді.
– «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл бастаманы қолдады, нәтижесінде жаңа команда – «Жайық» құрылды. Бұған дейін «Ақжайықта» ойнаған футболшылар енді осы ұжымға қосылады. Жалақы бойынша берешектер толықтай өтеледі, ал команда Екінші лигада өнер көрсететін болады. Жаңа клубқа сәттілік тілейміз», – деді Пазылхайыр Nursultan Qurman подкастында.
Айта кетейік, жыл басында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Бірінші лигада ойнаған «Ақжайықтың» орнына жаңа команда құру туралы бастама көтерген болатын.

Футбол
Кеше 23:21