locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

"Қазақстанда барлығы орысша сөйлейді". Ресейде Черчесовқа қатысты сынға жауап берді

Футбол 16 қаз 2024 13:28
Куаныш Капез
Куаныш Капез
sports24 сарапшы
ФОТО:  Getty images
«Қазақстанда барлығы орысша сөйлейді». Ресейде Черчесовқа қатысты сынға жауап берді.

Футбол эксперті Андрей Созин Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған Станислав Черчесовтың төңірегіндегі сынға байланысты өз ойын білдірді.

“Қазақстанда басты жаңалықтар Черчесовқа қатысты. Бүтін бір спорт министірлігі ренжіп, мемлекеттік тілді қорлады дегенге келтірген. Қызғы, ол жақта қорлады деп есептемейді. Себебі мемлекет ішінде шекарашыдан бастап қонақ үй, кафе қызметкерлерінің барлығы орысша сөйлейді. Жазбалардың барлығы қазақ тілінде емес орыс тілінде жазылған. Олар тек қазақшаға көшіріп ала салған. Ол жақта қазақша сөйлей ме? Мүмкін. Ол жақсы. Бірақ жергілікті тілді мен естіп көрмеппін. Ол жерде баспасөз мәслихатындағы журналист өзін көрсетіп қалғысы келді. Мемлекеттік тілді қорғады. Бұл жақсы ма? Мүмкін”.

"Шынымды айтсам ол жердегі бүкіл журналистер оны түсінгеніне мен сенімді емеспін. Мұндай жағдайға қалжынына байланысты Черчесов тап болды. Бұл жерде түсіндіре кету керек: ұлттық құрамаға шетелдік бапкер келді. Ол жерде келсім шартына міндет ретінде тілді меңгеру кірмейді. Менің білуімше құрметті Магомед Адиевте баспасөз мәслихатында орысша сөйледі. Ол үшін ешқандай мәселе туындаған жоқ. Онда Черчесов үшін неге туындатады?”,-деді Созин.

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Қазақстан-Словния матчнан кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистің сұрағына "Сен французша сөйлеп тұрсың ба?"- деп жауап берген болатын. Бұл қылығы үшін оған 200 АЕК (738 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie