locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Қазақстанға оралып, спортты дамытқым келеді»: Альбина Бунеску «Реалдағы» қызметі мен Отанына деген үлкен жоспарлары жайлы

Футбол 21 мам 2025 03:25
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Қазақстанға оралып, спортты дамытқым келеді»: Альбина Бунеску «Реалдағы» қызметі мен Отанына деген үлкен жоспарлары жайлы
ФОТО: albunesku инстаграм парақшасынан

Павлодарлық маман Альбина Бунеску әлемнің ең атақты футбол клубтарының бірі - Мадридтің «Реалына» ресми түрде жұмысқа орналасты. Ол әйгілі испан клубының маркетинг бөліміне қызметкер ретінде қабылданды.

Альбинаның айтуынша, бұл - оның кәсіби жолының заңды жалғасы:

- «Менің алғашқы жоғары білімім - маркетинг. Осы салада 13 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бұл - менің сүйікті ісім және болашағымды осы бағытпен байланыстырамын. Осы уақыт ішінде екі спорттық шараны өзім ұйымдастырдым. Спорттық маркетингке тереңірек үңілгім келіп, осы салада білім алуға бел будым. Таңдауым бірнеше ел арасында болды, бірақ мен Испанияны таңдадым. Ал «Реал Мадрид» - үздіктерден үйреніп, Испанияда өмір сүруге тамаша мүмкіндік», - деп бөлісті Альбина Jiber Joly телеарнасына берген сұхбатында.

Әлемдегі ең танымал футбол брендтерінің бірімен жұмыс істеу - үлкен жауапкершілік пен биік мақсаттарды талап етеді.

- «Менің негізгі міндетім - клубты кеңінен насихаттап, оның танымалдылығын арттыру. Екінші бағыт - табысты бизнес-модель құруға және монетизация жолдарын дамытуға атсалысу. Сонымен қатар, матч күндері іс-шараларды ұйымдастырып, клуб брендін нығайту мен жанкүйерлер және өзге де мүдделі тараптармен тиімді байланыс орнатуға жұмыс істеймін», - деді ол.

Халықаралық деңгейде мансабын сәтті бастағанына қарамастан, Альбина Қазақстанға оралу мүмкіндігін жоққа шығармайды:

- «Мен «Реалға» түскен кезде-ақ Қазақстанда үлкен әлеует бар екенін жақсы түсіндім. Бізде спорттық нысандар көп, спортқа қызығушылық та жоғары. Алайда спорттық маркетинг саласында мамандар жетіспейді. Сол себепті, бір күні елге оралып, өз елімде спорт индустриясын дамытуға үлес қосқым келеді», - дейді Альбина.

Альбина Бунеску - қазақстандық мамандардың халықаралық деңгейде табысқа жете отырып, елге деген сүйіспеншілігін жоғалтпай, туған жерінің өркендеуіне атсалысуға дайын екендігінің жарқын үлгісі.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie