locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері “Ордабасының” ұсынысын қабылдамады

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері “Ордабасының” ұсынысын қабылдамады

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Константин Горовенко шымкенттік "Ордабасының" ұсыныс қабылдамады, деп хабарлайды Sports.kz.

Горовенко үшін "көк-ақтардың" ұсынысы мардымсыз болды. Шымкенттік ұжым жаңа бапкермен ешқандай ұзартусыз, тек осы маусым аяқталғанша ғана келісімшартқа отырғысы келген.

Айта кетейік, қазіргі таңда "Ордабасы" клубынан Александр Седнев кеткеннен кейін әлі бас бапкер тағайындалмады.