locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Қазақстан жағажай футболынан 2025 жылғы әлем чемпионатының екінші матчында жеңіліп қалды

Қазақстан жағажай футболынан 2025 жылғы әлем чемпионатының екінші матчында жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасы Испанияның Кадис қаласында өтіп жатқан жағажай футболынан 2025 жылғы әлем чемпионатының екінші іріктеу матчында Германия құрамасынан жеңіліп қалды.

Бұл кездесу тартысты өтті, қазақстандықтар алты гол соққанымен, тоғыз гол жіберіп алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады. Келесі кездесуді Қазақстан құрамасы Эстония құрамасына қарсы өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, жағажай футболынан 2025 жылғы әлем чемпионаты 1-11 мамыр аралығында Сейшел аралдарында өтеді. Турнирде барлығы 16 ұлттық құрама ойнайды.