locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан уубогының финалдық матчына төрешілер тағайындалды

Фото: Актобе
Қазақстан уубогының финалдық матчына төрешілер тағайындалды

Төрешілер департаменті футболдан Қазақстан кубогының "Атырау" – "Ақтөбе" арасындағы финалдық матчқа төрешілерді тағайындады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының сайтында хабарланды.

Төрешілер болып Данияр Сахи (Қызылорда), Ардақ Даунов (Алматы) және Нұржан Жүнісов (Астана) тағайындалды. Алматыдан келген Рустам Омаров пен Наргис Магау VAR-да жұмыс істейтін болады.

Резервтік төреші болып Тараздан Сәкен Байымбет тағайындалды. Инспектор – Құрманбек Ордабаев (Түркістан облысы).

"Атырау" – "Ақтөбе" арасындағы Қазақстан кубогының финалдық матчы 29 қыркүйекте өтеді. Жекпе-жектің басталуы - елорда уақыты бойынша сағат 17:00-де.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie