locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан спортшылары Олимпиададағы жетістіктері үшін қалай марапатталады

Қазақстан спортшылары Олимпиададағы жетістіктері үшін қалай марапатталады?

Қазақстандықтар Олимпиада үшін қанша ақша алады? 26 шілдеде Парижде 2024 жылғы Олимпиада ойындары басталды. Олимпиада 11 тамызға дейін жалғасты. Парижде ел намысын қорғап, спорттың 25 түрі бойынша 92 лицензия алған 80 спортшы қатысты. 80 спортшының 8-і ғана жүлделі орындарға ие болды. Жарыста 4-5-6 орын алған спортшылар да қаржылық сыйлық алды. Спортшылардың қаржылық сыйлық ақысы қанша? Қазақстан спортшылары Олимпиададағы жетістіктері үшін қалай марапатталады?

Елдос Сметов алтын медаль үшін 250 000 доллар (119 634 450 теңге) алады;

Күміс медаль үшін: Нариман Құрбанов ( спорттық гимнастика) - 150 000 доллар (71 780 570 теңге); Демеу Жадраев (грек-рим күресі, 77 кг) - 150 000 доллар( 71 780 570 теңге); Нұрбек Оралбай (бокс, 80 кг) - 150 000 доллар (71 780 570 теңге);

Қола медаль үшін: Александра Ле (пневматикалық мылтықтан ату, микст) - 75 000 доллар (35 890 335 теңге); Ислам Сәтбаев (пневматикалық мылтықтан ату, микст) - 75 000 доллар (35 890 335 теңге); Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо, 66 кг) - 75 000 доллар(35 890 335 теңге); Назым Қызайбай (бокс, 50 кг) - 75 000 доллар (35 890 335 теңге);

Бесінші орын үшін: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (бокс, 63,5 кг) - 10 000 доллар (4 785 378 теңге); Айбек Оралбай (бокс, 92 кг) - 10 000 доллар( 4 785 378 теңге); Сәкен Бибосынов (бокс, 51 кг) - 10 000 доллар (4 785 378 теңге) ; Әбиба Әбужақынова (дзюдо, 48 кг) - 10 000 доллар ( 4 785 378 теңге); Милад Карими (спорттық гимнастика) - 10 000 доллар (4 785 378 теңге); Әмір Маймұратов(жартасқа өрмелеу) - 10 000 доллар (4 785 378 теңге).

Алтыншы орын үшін: Александра Ле (пневматикалық ату, жеке сын) - 5000 доллар (2 392 689 теңге); Руслан Құрбанов (семсерлесу, жеке сын) - 5000 доллар (2 392 689 теңге) командалық есепте алтыншы орын алған команданың әрбір мүшесі 5000 доллармен (2 392 689 теңге) марапатталады. (Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Еңлік Сертай). Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан өз спортшыларына 1 млн 85 мың доллар немесе 477 миллион теңге бөлінді.