Қазақстан – Словения арасында өтетін Ұлттар Лигасы матчының төрешілер құрамы тағайындалды
УЕФА Қазақстан мен Словения арасындағы Ұлттар лигасы матчына төрешілер бригадасын бекітті. Ойында ағылшын төрешілері қызмет етеді.
Тәжірибелі Крейг Поусон осы матчтың бас төрешісі болады. Ағылшындық төреші 2013 жылдан бері Англия чемпионатының ойындарын басқарып келеді. Қаптал төрешілері ретінде Ли Беттс пен Нил Дэвис тағайындалды. Ал Даррен Бонд — матчтың төртінші төрешісі болады.
Сондай-ақ, қауымдастық ВАР бөлмесінде жұмыс істейтін төрешілерді де анықтады: матчтың бейнеассистенті болып Питер Бэнкис, ал оның көмекшісі ретінде Эндрю Мэдли тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Словения арасындағы ойын Ұлттар лигасының төртінші туры аясында өтеді. Матч 13 қазанда Алматы қаласында болады. Ойын жергілікті уақытпен 18:00-де басталады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52