Қазақстан құрамасының шабуылшысы ел біріншілігіндегі 10 голын соқты
Футбол
21 там 2024 11:16
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Фото: Елімай ФК
22 жасар Елімай шабуылшысы Иван Свиридов Қазақстан Премьер-лигасындағы 10 голын соқты. ҚПЛ 17 турында Тұранға қарсы кездесу өткізген Иван алаңнан голсыз кетпеді. Осы ойында соғылған гол Свиридовтың Премьер-лигадағы 10 голы болып тіркелді.
Иван Свиридов ҚПЛ-дағы алғашқы голын қарағандылық Шахтер сапында 2021 жылы Астана қақпасына соқты, Жалпы алғанда кеншілер үшін Свиридов 42 ойын өткізіп, 8 гол авторы атанды. 2024 жылдың қаңтар айында Шахтер түлегі клубтық мекен-жайын ауыстыру жайлы шешім қабыладады және Елімай сапына ауысты. Семейлік клуб ойыншысы ретінде алаңда өткізген 17 ойында , 2 гол соғып көзге түсті.
Иван Свиридов ҚПЛ-да 58 ойын өткізіп қарсылас қақпасынан 10 рет саңылау тапты.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52