locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының қыркүйекте өтетін Ұлттар лигасының ойынына шақырту алған кеңейтілгкн тізім жар

Қазақстан құрамасының қыркүйекте өтетін Ұлттар лигасының ойынына шақырту алған кеңейтілгкн тізім жар

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасына арналған кеңейтілген тізімді жариялады. Бұл тізім өзгеруі мүмкін. Қазақстан ұлттар лигасының топтық кезеңінде Норвегия, Словения және Австриямен күш сынасады.

Кеңейтілген тізім:

Қақпашылар: Игорь Шацкий (“Ақтөбе”), Александр Заруцкий (“Астана”), Стас Покатилов (“Тобол”), Темірлан Анарбеков (“Жеңіс”)

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (барлығы – “Ордабасы”), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – “Тобол”), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – “Астана”), Асхат Балтабеков ("Жетісу"), Ұлар Жақсыбаев ("Қызылжар"), Михаил Габышев ("Елімай"), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Лев Скворцов ("Шинник", Ресей), Талғат Кусяпов ("КАМАЗ", Ресей)

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі – "Ордабасы"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания), Александр Зуев, Ислам Чесноков (екеуі де – “Тобол»), Арман Кеңесов (”Актобе"), Бактиер Зайнутдинов ("Бешікташ»" Түркия), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – “Астана”)

Шабуылшылар: Айбар Жақсылыков ("Қайсар"), Оралхан Өміртаев ("БАТЭ", Беларусь), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – “Астана”), Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия)

Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында екі ойын өткізеді. Алдымен, Қазақстан өз алаңында, Алматыдағы Орталық стадионда Норвегияны қабылдайды. Кездесу 6 қыркүйек, сағат 19:00 де өтеді. Ал екінші ойын, 9 қыркүйекте өтеді. Қазақстан Словенияға қонаққа барады. Төрешінің ысқырығы Астана уақытымен сағат 23:45 те естіледі.