locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының қыркүйек айындағы Ұлттар лигасындағы ойынына баратын ойыншылар тізімі жариялан

Фото: КФФ

Қазақстан футбол федерациясы өзінің ресми-сайтында Ұлттар лигасының ойындарына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов шешуші құрамға 28 ойыншыны қосты. Жаттығу жиыны Алматыда 1 қыркүйекте басталады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий (Ақтөбе), Александр Заруцкий (Астана), Стас Покатилов (Тобол), Темірлан Анарбеков (Жеңіс).

Қорғаушылар: Сергей Малый (Ордабасы), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі – Тобол), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – Астана), Михаил Габышев (Елімай), Әлібек Қасым (Ақтөбе), Нуралы Әліп (Зенит, Ресей), Лев Скворцов (Шинник, Ресей), Талгат Кусяпов (КАМАЗ, Ресей).

Жартылай қорғаушлар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – Ордабасы), Рамазан Оразов (Силькеборг, Дания), Арман Кеңесов (Ақтөбе), Бактиер Зайнутдинов (Бешикташ, Түркия), Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов (екеуі – Астана), Ислам Чесноков (Тобол).

Шабуылшылар: Абат Аймбетов (Адана Демирспор, Түркия), Айбар Жақсылыков (Қайсар), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Рамазан Кәрімов (Астана).

Қосалқы құрам: Сұлтанбек Астанов, Темірлан Ерланов (екеуіде – Ордабасы), Андрей Ульшин (Қайрат), Максим Самородов (Ахмат, Ресей), Исламбек Қуат (Астана), Александр Зуев (Тобол), Асхат Балтабеков (Жетісу), Улар Жақсыбаев (Қызылжар).

Қазақстан құрамасы Норвегия (6 қыркүйек) және Словения (9 қыркүйек) құрамаларына қарсы ойын өткізеді.