locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан құрамасының экс бапкері РПЛ клубынан кетуі мүмкін

Фото: Ахмат
Қазақстан құрамасының экс бапкері РПЛ клубынан кетуі мүмкін

Қазақстан құрамасының экс бапкері және Ахматтың қазіргі бапкері Магомед Адиев қазіргі клубынан кетуі мүмкін екенін айтты

"Мен Ахматтан кетуге жақын сияқтымын. Бірақ бұған сабырлықпен қараймын. Барлығы неге байланысты? Бірінші кезекте жеңіске.

Екіншіден, өзіме қажетті жағдайды нақтылап алғым келеді. Өткен маусымға қарағанда жақсы болдық па, жаман болдық па білгім келеді. Осы жағдайды анықтап алу керек", – деген маманның сөзін Championat хабарлады.

Адиев Ахматты сәуір айынан бері жаттықтырады. Команда қазір оның баптауымен РПЛ турнирлік кестесінде 16-шы орында келеді.

Ахматқа дейін Адиев қарағандылық Шахтер мен Қазақстан құрамасын жаттықтырған еді. Бұған дейін маман ҚПЛ клубынтарынан ұсыныс алған.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie