Қазақстан құрамасының экс бапкері РПЛ клубынан кетті
Футбол
01 қыр 2024 05:55
Сергей Завалко
sports24 сарапшы
Қазақстан құрамасының экс бапкері РПЛ клубынан кетті
Ахмат ресми сайтында бас бапкер Магомед Адиевтің кеткенін мәлімдеді. Екі жақты келісім бойынша келісімшарт бұзылды.
"Ахмат футбол клубы мен бас бапкері Магомед Адиев қос тараптың келісімі бойынша келісімшартты бұзды.
Біз Магомед Мусаевичке туған клубында атқарған қызметіне алғыс айта отырып, алдағы бапкерлік қызметіне сәттілік тілейміз. Жаңа бапкердің есімі жақын арада белгілі болады", - делінген клуб мәлімдемесінде.
Адиев Ахмат клубын 2024 жылдың сәуірінен бастап баптады. Қазіргі таңда клуб 5 ұпаймен РПЛ кестесінде 15-ші орында келеді.
Ахматқа дейін Адиев Қазақстан құрамасын жаттықтырған еді. Маманға ҚПЛ клубтарынан ұсыныстар бар.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52