Қазақстан құрамасының экс бапкері ҚПЛ клубын жаттықтыруы мүмкін
Ахматтың экс бапкері Магомед Адиев клубтан кеткеннен кейін Қазақстанға оралады, деп хабарлайды Meta-ratings. Елге оралғаннан кейін бірнеше іскерлік кездесулер өткізеді.
Қазақстандықтар Адиевтің оралуы Ақтөбемен байланысты болуы мүмкін деп ойлайды. Бұған дейін аталған клуб Дмитрий Парфеновты жұмыстан босатқан болатын. Соған байланысты, қазір клуб бапкерсіз қалды.
Айта кетейік, Ахматқа дейін Адиев Қазақстан құрамасын жаттықтырды. Оған дейін қарағандылық Шахтер командасын жаттықтырған еді. Маманға бұрындары да ҚПЛ клубтарынан ұсыныстар болған, бірақ ол сол кезде Ахматты таңдаған еді.
Ақтөбе қазіргі таңда 18 матчта 31 ұпаймен ҚПЛ кестесінде екінші орында келеді. Соңғы кездесуінде команда Елімайдан 1:3 есебімен жеңілді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52