Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Солтүстік Македонияға қарсы ойын туралы пікір білдірді


«Ордабасы» мен Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қақпашысы Алмат Бекбаев Беларусь және Солтүстік Македонияға қарсы өтетін жолдастық матчтар алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды «Тотальный футбол КЗ».
«Менің ойымша, екі қарсылас та біздің құрамаға лайық деңгейде. Беларусь – жаңа тактикалар мен ойын сызбаларын сынауға ыңғайлы команда. Бұл – бапкерлер құрамына жаңа ойыншыларды қарап, схемаларды тексеріп көруге жақсы мүмкіндік. Ал Солтүстік Македониямен матчқа келсек, мұнда біз ұпай ала аламыз деп есептеймін. Құрамамыз осал емес, ал өз алаңымызда жанкүйерлердің қолдауы бізге қосымша күш береді. Осы қолдаудың арқасында біз жақсы ойын көрсетіп, оң нәтиже көрсетуіміз әбден мүмкін», – деді Бекбаев.
Айта кетейік, Бакуде WMF форматы бойынша мини-футболдан әлем кубогы басталды. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Польша, Босния және АҚШ құрамаларымен кездеседі.

