Қазақстан құрамасының бас бапкері Лудогорецке ауысуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов «Лудогорецке» ауысуы мүмкін деген ақпаратқа өз пікірін білдірді. Бұған дейін болгариялық 24 часа және Gong басылымдары жақын арада жергілікті клубқа жаңа бапкер тағайындалатының хабарлаған болатын.
"Не деген ақымақтық?! Бұл ақпарат қайдан шыққан?! Лудогорецтан маған ешкім байланысқа шыққан жоқ, хабраласқан күннің өзінде менің ойым мүлдем басқа жерде.
Мен Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы алғашқы кездесуіне дайындалу үстіндемін. Барлығына ақпаратты мұқият зерттеуге кеңес беремін. Мен бұл сұрағымды қайта қоямын: “Мұның барлығы қайдан пайда болды?!", - деді маман "Спорт-Экспресс - ке" берген сұхбатында.
Черчесов маусым айында Қазақстан құрамасының тізімін қолына алды. Қос тарап келісімнің егжей-тегжейлері мен келісім-шарттың мерзімін көпшілікке жарияламады.
Қазақстан құрамасы бапкердің жетекшілігімен алғашқы кездесуін 6 қыркүйек күні Ұлттар лигасы аясында өз алаңында Норвегия құрамасына қарсы өткізеді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20