Қазақстан құрамасының бас бапкері Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі ойындарға баға берді
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі өз жұмысын “үштіктен” төмен деп бағалады.
17 қараша күні Черчесов жаттықтырған Қазақстан құрамасы турнирдегі бесінші жеңілісіне ұшырап, Норвегиядан 0:5 есебімен ұтылды. Бір ұпаймен команда В дивизионының 3-тобында соңғы орынға тұрақтап, осы деңгейдегі орнын сақтап қалу мүмкіндігінен айырылды.
— Осындай нәтижелерден кейін жұмыстан босатылу қаупі болды ма?
“Тәуекел әрқашан бар. Әлі ешқашан “барлығы тамаша” деп бағаланатын командаға келген емеспін. Мен үшін мұндай жағдай болған жоқ. Сондықтан не күтіп тұрғанын алдын ала білесің. Мен жалғыз емеспін, жаттықтырушылар штабы бар, біз әр жағдайды есептейміз: не болуы мүмкін, неге дайын болу керек, қандай өзгерістер қажет. Қазіргі жағдай осындай. Иә, мойындаймын, өз жұмысымды “екілікке” бағалар едім. Бірақ құрамамен жұмыс тоқтаған жоқ. Біз жастар құрамасынан төрт ойыншыны шақырдық, ойын жүйесін өзгерттік, енді төрт қорғаушымен ойнап жүрміз”, — деді Черчесов “Матч ТВ” арнасындағы “Громко” бағдарламасында.
Айта кетейік, Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасымен келісімшарты 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңына дейін жарамды. Сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша келісімді тағы екі жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Станислав Черчесов ресейлік клубтардың қызығушылықтары жайында пікір білдірді.
Бокс
Бүгін 08:04
Футбол
Бүгін 07:41
Футзал
Бүгін 07:14