locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының қарсыласы Ұлттар лигасының матчтарына арналған құрамын жариялады

Қазақстан құрамасының қарсыласы Ұлттар лигасының матчтарына арналған құрамын жариялады

Словения құрамасы қыркүйек айында өтетін Ұлттар лигасы матчтарына арналған ойыншылар тізімін ресми жариялады. Бұл команда Қазақстан құрамасымен кездеседі.

Словениялықтар алғашқы ойында сырт алаңда Австрия құрамасына қарсы ойнайды, одан кейін Қазақстан құрамасы Люблянаға барып, Словения құрамасымен күш сынасады. Сонымен қатар, топтағы үшінші қарсылас Норвегия құрамасы болады.

Айта кетейік, команданың тізімінде жергілікті чемпионаттан тек үш ойыншы ғана бар. Қалғандары шет елде ойнайтын ойыншылардан құралған құрам.

Словения құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Ян Облак ("Атлетико", Испания), Игор Векич ("Вайле", Дания), Матевж Видовшек ("Олимпия", Словения)

Қорғаушылар: Петар Стоянович ("Эмполи", Италия), Яка Бийол ("Удинезе", Италия), Юре Балковец ("Аланьяспор", Түркия), Жан Карничник ("Целе", Словения), Давид Брекало ("Орландо Сити", АҚШ), Эрик Янжа ("Гурник Забже", Польша), Ваня Дркушич ("Црвена Звезда", Сербия), Йон-Горенц Станкович ("Штурм", Австрия)

Жартылай қорғаушылар: Ясмин Куртич ("Зюйдтироль", Италия), Йосип Иличич ("Марибор", Словения), Санди Ловрич ("Удинезе", Италия), Адам Гнезда-Черин ("Панатинаикос", Греция), Ян Млакар ("Пиза", Италия), Тими Элшник ("Црвена Звезда", Сербия), Томи Хорват ("Штурм", Австрия), Деян Петрович ("Риека", Хорватия)

Шабуылшылар: Андраж Шпорар ("Панатинаикос", Греция), Беньямин Шешко ("РБ Лейпциг", Германия), Жан Целар ("Куинз Парк Рейнджерс", Англия), Жан Випотник ("Суонси", Англия)