Қазақстан құрамасының қараша айында ҰЛ аясында өтетін ойындарына шақырту алған ойыншылары анықталды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов УЕФА Ұлттар лигасының қараша айындағы ойындарына шақырылған ойыншылар тізімінің соңғы құрамын жариялады.
Соңғы тізімге 27 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 11 қарашада Алматы қаласында басталады.
Қақпашылар: Игорь Шацкий (“Ақтөбе”), Стас Покатилов (“Тобыл”), Темірлан Анарбеков (“Жеңіс”);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым (“Ақтөбе”), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі — “Астана”), Нұрәлі Әліп (“Зенит”, Ресей), Роман Асранқұлов, Еркін Тапалов (екеуі де — “Тобыл”), Сұлтанбек Астанов (“Ордабасы”), Ұлар Жақсыбаев (“Қызылжар”), Әділбек Жұмаханов (“Атырау”), Мейрамбек Қалмырза, Асхат Балтабеков (екеуі де — “Жетісу”);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де — “Ордабасы”), Максим Самородов (“Ахмат”, Ресей), Бақтиер Зайнутдинов (“Бешікташ”, Түркия), Аслан Дарабаев (“Елімай”), Елхан Астанов (“Астана”), Ислам Чесноков (“Тобыл”), Ғалымжан Кенжебек (“Акритас”, Кипр);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов (“Адана Демирспор”, Түркия), Айбар Жақсылықов (“Қайсар”), Рамазан Кәрімов (“Астана”), Жан Пайруз (“Елімай”);
Еске сала кетейік, қараша айында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі соңғы матч өткізеді. 14 қараша күні Станислав Черчесовтың командасы Алматының Орталық стадионында Аустрия құрамасын қабылдайды. Ойын жергілікті уақытпен 20:00-де басталады.
17 қарашада біздің команда сырт алаңда Норвегия құрамасына қарсы ойын өткізеді. Матч Ослодағы “Уллеволь” стадионында өтеді. Астана уақыты бойынша 22:00-де басталады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52