locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан құрамасында жаңа өзгерістер: Черчесов шешуші матчтар алдында қақпашысын ауыстыруы мүмкін

Қазақстан құрамасында жаңа өзгерістер: Черчесов шешуші матчтар алдында қақпашысын ауыстыруы мүмкін
ФОТО: KFF_team

Қазақстан құрамасы қараша айында Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы екі матчын өткізеді. Бұл ойындарда бас бапкер Станислав Черчесов қақпашы позициясында өзгерістер енгізуі мүмкін.

Соңғы жылдары Игорь Шацкий құраманың негізгі қақпашысы болып, бас бапкер Черчесовтың сеніміне ие болды. Дегенмен, алдағы матчтарда, әсіресе Норвегиямен болатын сырт алаңдағы кездесуде, басқа қақпашыны сынау мүмкіндігі қарастырылуда. Бапкерлік штаб ресми ойындарда басқа кандидаттарды байқап көргісі келеді, бұл ретте Стас Покатиловқа мүмкіндік берілуі ықтимал.

Алматыда өткен Словениямен кездесуге дейін Черчесов Шацкий туралы жақсы пікір білдіріп, бірақ оның бір ойында қателік жібергенін атап өтті. Қақпашыны ауыстыру туралы сұраққа қатысты ол:

“Жеті голдың бәрінде Игорьдің кінәсі бар деп айта алмаймын, Словениядағы ойында тек бір қателік болды. Қақпашылар бапкерінің пікірі маңызды, бізде алда әлі уақыт бар”, – деп жауап берді.

Қазіргі чемпионатта Шацкий 23 матч өткізіп, 26 гол жіберіп, жеті ойында қақпасын “құрғақ” сақтады. “Тобылдың” қақпашысы Стас Покатилов 23 матчта 21 гол жіберіп, 11 ойында қақпасын “құрғақ” ұстады және чемпионаттағы ең көп “құрғақ” матч өткізген қақпашы атанып отыр.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie